?ан ж?не лимфа слайд

?ан ж?не лимфа слайд thumbnail

1.

Семей Медицина Университеті
Анатомия және гистология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Лимфа жүйесінің құрылысы.
Орындаған:Сабырбекқызы Н
222 топ ЖМ
Тексерген:Токанова Д.М
Семей 2018

2. Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
2.1. Лимфа жүйесі;
2.2. Лимфа капиллярлары;
2.3. Лимфа тамырлары;
2.4. Лимфа түйіндері;
2.5. Лимфа өзектері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

3.

Лимфа жүйесі
Лимфа жүйесі(systema
lymphaticum)- жүрек-қан тамырлар
жүйесінің бір бөлігі.Вена жүйесінің
қосымша арнасы
сияқты,оныментығыз байланыста
дамиды,әрі құрылысы жағынан
ұқсас белгілері болады.Негізгі
қызметі:лимфаны тіндерден вена
арнасына өткізу,сондай-ақ иммундық
реакцияларға қатысатын
лимфоидтық элементтерді түзу және
организмге келетін бөгде
заттарды,бактерияларды т.б
залалсыздандыру

4.

Лимфа жүйесі
Лимфа өткізетін
1.
2.
жолдар:лимфокаппилярлық
тамырлар,лимфа
тамырлары,сабаулары және
өзектері.
Лимфоциттер дамиды:
Жілік майы ж/е айырша без
Шырышты қаб.лимфоидты
түзілістер
Жекеленген лимфа
түйіншіктері
Шоғырланған л.т
Бадамша түрінде л.т түзілуі т.б

5.

Анатомиялық бөліктері
Лимфалық арна тұйық ұшы лимфокапилляр
торы түрінде шырмалған лимфокапилляр
тамырынан басталады;
Лимфокапилляр тамырлары ұсақ лимфа
тамырлары өріміне айналады;
Өрім одан ары әкетуші лмифа тамырлары
түрінде
Ірі л.т лимфа сабауларына,одан ары басты
лимфа түтіктеріне-оң жақ ж/е кеуде
түтігіне,олар ірі мойын веналарына
құйылады.

6.

Лимфа капиллярлары
Қызметтері:
1. Қан капиллярларына сіңірілмейтін белоктық
заттардың коллоидты ерт.тіндерден
сіңіріп,резорбциялау.
2. Веналарға қосымша тіндерден дренаждау,су
мен онда еріген кристаллоидтарды сіңіру.
Патологиялық жағдайда тіндерден бөгде заттарды
ж/е т.б әкету.
Осыған сай лимфокапиллярлық тамырлар
ми,көкбауыр паренхимасы,тері эпителий
жабыны,шеміршек,көздің мөлдір қабығы,көз
бұршағы гипофизден басқа барлық жерлерді
торлап жататын эндотелилік түтіктер жүйесі.

7.

Лимфа тамырлары
Лимфа қылтамырлары
лимфа тамырларына бірігеді,
оның ішкі бетінде қақпақшалары
бар. Ол қақпақшалар лимфа
сұйықтығының
бір
бағытка
(жүрекке)
қарай
ағуын
қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа
тамырлары жүректің қасындағы
үлкен қанайналу шеңберінің ірі
вена қантамырларына қосылады.
Лимфа сұйықтығы вена канымен
араласып, жүректің оң жақ
жүрекшесіне құйылады.

8.

Лимфа түйіндері
Лимфа
түйіндері
лимфа
тамырларының
қосылған
жерінде
жасушалардың жинақталуынан түзіледі.
Олар
қантамырлардың
айналасында
орналасады. Лимфа түйіндерінің пішіні домалақ, сопақша, үрмебұршақ тәрізді
(иммунды жүйені естеріңе түсіріңдер).
Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай
кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау
жерінде
артерия
қантамырлары
мен
жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің
сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз
қаптама қаптайды. Лимфа түйіндерінің
орналаскан
жері:
қолтық,
шап,
мойын,
құрсақ
қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы
жақсүйeк және т. б.

9.

Лимфа түйіндері
Лимфа
түйіндері
дененің
бүгілетін
беткейі
аймағында,
ірі
тамырлардың маңында топ-топ болып
орналасады.
Лимфа түйіндері 2 топқа
болінеді:
1. Қозғалыс аппаратының түйіндері
(бастың, мойынның, аяқтың, қолдың, иекасты, құлақ маңы,қолтықтық және т.б.).
2. Қуыстардың түйіндері-кеуде, құрсақ.
Осы түйіндердің ішінде қабырғалық
(париеталді) және висцералді түйіндер
болады. Лимфа түйіндерінің 50 топқа
дейін түрлері белгілі.

10.

Лимфа түйіндері
Түйіннің негізгі қызметтері.
1. Гемопоэтикалық,және
иммунопоэтикалық.
2. Қорғаныш-фильтрациялық.
3. Алмасу.
4. Резервуарлық.
Лимфа түйіндерінде
лимфоциттер пайда болады,
сондықтан қантамырлар
мүшесіне жатады. Олар кеуделік
лимфа жолы немесе оң лимфа
жолы арқылы қанға, дәлірек
венаға құйылады.

11.

Лимфа өзектері
Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды. Ең ірі кеуде
лимфа өзегі құрсақ қуысында орналасқан. Оған аяқтан, жамбас және құрсақ
қуыстарынан лимфа сұйыктығы жиналады. Кеуде лимфа өзегі мойын
тұсында орналасқан. Ол сол жақтағы қолтықасты вена тамырларына келіп
қосылады.

12.

13.

14.

15.

16.

17. Қорытынды:

Лимфа жүйесі ұлпа сұйықтығының қанайналым
жүйесіне қосылуына көмектеседі, лейкоциттер түзеді , ағзаға
түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап, биологиялық
сүзгі қызметін атқарады және аш ішек бүрлеріндегі майларды
сіңіруге қатысады. Адамда лимфаның қозғалуына 3 жағдай
әсер етеді: лимфа тамырларына жақын орналасқан қаңка
бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты. Кеуде қуысының
тынысалу қозғалыстарының әсерінен. Ішек бүрлерінің
жиырылуы мен босаңсуына сәйкес ағады. Қаңқа бұлшықеттері
жиырылып, лимфа тамырларын қысқанда лимфа бір бағыт
бойымен қозғалады. Лимфа қанға қарағанда баяу қозғалады.

18. Пайдаланылған әдебиеттер:

• М.Г. Привес. 12-е издание, 2009г. (36,492-508 беттер)
• Осроверхов Г.Е., Бомаш Ю.М., Лубоцкий Д.Н.( 416-417беттер)
• Каган И.И ., Чемезов С.В. 2011г.(451,476-480 беттер)
• Жданов Д.А. Общая анатомия и физиология лимфатической
системы. -М.: Медгиз, 1952. – 336 беттер
Сергиенко В.И., Петросян Э.А., Фраучи И.В. Топографическая
анатомия и оперативная хирургия, в 2-х томах. М.: «ГЭОТАРМЕД», 2001.
Адам анатомиясы. А.Рақышев. Мәскеу. «ГЭОТАР-Медиа». 2014 ж.
https://meduniver.com/Medical/Anatom/240.html

Читайте также:  Сравнительная характеристика крови и лимфы

19.

Назарларыңызға
рахмет!

Источник

1.

Оңтүстік Қазақстан Медециналық Академисы
Презентация
Тақырыбы: Қан және лимфа
Орындаған:Батырханова Қ.А.
Тобы:08-17б ЖМҚ
Қабылдаған:Дүйсенбейова Ж.

2. Жоспары:

ЖОСПАРЫ:
• І Кіріспе
1.
Қан.Қан плазмасы.Қанның формальді элементтері.
• ІІ Негізгі бөлім
1.
Қанның қызметі.
2.
Лимфа
3.
Қан жасушаларының жасқа байланысты өзгеруі.
• ІІІ Қорытынды
• ІV Пайдаланылған әдебиеттер

3.

4.

Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін
бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен
оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі
биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның
инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
Қан — ересек адам ағзасында шамамен 5 литр қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі.
Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары —
эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің
кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.

5.

Қан тамыры
лейкоцит
плазма
тромбоцит

6.

Қан плазмасы (гр. πλάσμα)– қанның сұйықтық бөлімі, ақуыздар коллоидты ертіндісі. Оның құрамына (9092%) органикалық және анорганикалық заттар(8-10%) кіреді. Плазмадағы оганикалық заттардан ең
көбі ақуыздар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы
қанның сары суы деп атайды). Одан басқа, қан плазмасы құрамында глюкоза, май, майтекті заттар,
аминқышқылдар, мочевина, зәр және сүт қышқылы, ферменттер, гормондар т.б. болады. Анорганикалық
заттар қан плазманың 0,9-1,0% бөлімін құрайды. Бұл негізінен натрий, калий, кальций, магний т.б тұздары.
Тұздардың сұйықтықтың құрамы физиологиялық сұйықтық деп атайды, оның құрамы қан плазмасының
тұздар құрамына сай келеді. Медицинада физиологиялық сұйықтық ағзаға сұйықтық жеткізу үшін
пайдаланады. Қан плазмасында ерітілген ақуыздар, минералды тұздар және басқа заттар арнайы осмостық
қысымын белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы судың алмасуында үлкен рөл атқарады. Ақуыздар
плазмаға тұтқырлық (вякость) қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды рөл атқарады. Қан
плазмасының құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз; 0,12% глюкоза 0,7-0,8% май 0,9% тұз болады.

7.

Қан жасушалары — адам мен жануарлар организмдерінің
тіршілігіне тым қажет қызметтер атқаратын қанның
құрамындағы жасушалар. Қан жасушаларына:
эритроциттер (қанның қызыл жасушалары), лейкоциттер
(қанның ақ жасушалары) және қан табақшалары (құстар
мен төменгі омыртқалы жануарларда — тромбоциттер)
жатады. Сүтқоректі жануарлар эритроциттерінде ядро
және көптеген органеллалар болмайды. Эритроцит
цитоплазмасы құрамында қанға қызыл түс беретін, тотығутотықсыздану реакцияларына қатысып, организмдегі газ
алмасу процесін іс жүзіне асыратын күрделі белок —
гемоглобин болады. Гемоглобиннің құрамына темір (Ғе)
кіреді. Ал құстар мен төменгі омыртқалы жануарлар
эритроциттерінде ядро болады. Лейкоциттер
гранулоциттер (дәншелі, түйіршікті) және агранулоциттер
(дәншесіз, түйіршіксіз) болып екі топқа бөлінеді.
Гранулоциттерге эозинофилдер (жасуша цитоплазмасында
ірі қызыл түйіршіктер болады), базофилдер (клетка
цитоплазмасында көкшіл түсті түйіршіктер болады) және
нейтрофилдер (жасуша цитоплазмасында қызғылт майда
түйіршіктер болады) жатады. Гранулоциттердің ядролары
бірнеше бөліктерден (сегменттерден) тұрады. Сондықтан,
бұларды “сегментті ядролы лейкоциттер” деп атайды.

8.

Эритроцит (erythrocyti, грек, erythros — қызыл, kytos — жасуша) — сүтқоректі жануарлар филогенезінде газ алмасу
процесіне байланысты мамандану нәтижесінде ядросы мен органеллаларынан айырылған ядросыз қанның кызыл
жасушасы. Эритроцит пішіні дөңгелек, екі жағы ойыс келген жасуша. Тек түйе мен ламада оның пішіні сопақ болып
келеді. Балықтарда, қосмекенділерде, бауырымен жорғалушыларда, құстарда эритроциттің ядросы сақталған, пішіні
сопақ болып келеді. Эритроцит құрамының 60% су, 40% құрғақ заттар. Құрғақ заттардың 95% ағзадағы газ алмасу
процесін жүргізуге маманданған, қызыл түсті күрделі протеин — гемоглобин кұрайды. Гемоглобинді глобин протеині
мен құрамында екі валентті темір болатын қызыл түске бояғыш зат — гем құрайды. Гемоглобин өкпеде оттегімен
тотығып, оксигемоглобин түзеді. Организм ұлпаларында ол тотықсызданып (оттегті бөліп, көмірқышқыл газымен
байланысады, карбоксигемоглобинге айналып, өкпеде көмірдің қостотығын ауаға шығарып, оттегімен тотығып,
қайтадан оксигемоглобинге айналады да, жануарлар ағзасындағы газ алмасу процесін іс жүзіне асырады.

Читайте также:  Воспаление лимфа на скулах

9.

10.

Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер (гр. λευκως — ақ
және гр. κύτος — жасуша) – ядросы бар және белсенді амёба
тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1 мм3
көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі
(лимфоциттер, моноциттер, базофилдер, эозикофилдер
және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында,
лимфа түйіндерінде және көк бауырда пайда болады.
Лейкоциттер — ақ (түссіз), ядролы қан торшалары. Сүйек
майында құрылады. Қан мен ұлпаларда әр түрлі қызметтер
атқарады, тәнді және тәнсіз иммунді реакцияларға,
қабынуларға қатынасады. Көп ядролы лейкоциттер
нейтрофилді, эозинофилді және базофилді гранулоциттер
жатады.

11.

12.

Тромбоцит (тромбоцит) ( грек, thrombos -тромбы, kytos жасуша) — қанның ұюын қамтамасыз ететін қанжасушасы.
Тромбоцит — құстан бастап төменгі сатыдағы омыртқалы
жануарлар қанында болады. Сүтқоректі жануарлар
қанында тромбоцит орнында пішіні әртүрлі (дөңгелек,
сопақ, ұршық тәрізді т.б.) ұсақ денешіктер — қан
табақшалары болады. Тромбоцит — сүйектің қызыл
кемігіндегі ірі жасушалар — мегакариоциттерден жетіледі.
Қан табақшалары мегакариоциттер цитоплазмасының
мөлшері екі-үш мкм ядросыз бөлікшелері. Олар қанда
топтасып орналасады. Қан табақшалары жақсы боялатын
дәнді орталық бөлігі Қанның ұю кезеңдері: Белсендірілу
фазасы Коагуляция фазасы Ретракция фазасы
Тромбоцит (тромбоцит) (thrombocytos, грек, thrombos тромбы, kytos – жасуша) — қанның үшін қамтамасыз ететін
қан жасушасы.

13.

14.

Лимфа (латынша “lympha”-таза су,ылғал)адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын
сұйық дәнекер ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық.Лимфа-ағзаның ішкі ортасы,ұлпа сұйықтыынан түзіледі.
Лимфаның химиялық құрылымы:95% су; 1-2% нәруыз; 0,1%глюкоза; 0,9% миниралды тұздар.
Лимфа құрамында фибриоген нәруызы болады.Лимфоцит- лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі.
Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал.

15.

Қан жасушаларының жасқа байланысты өзгеруі
•Жаңа туылған нәрестенің алғашқы
сағаттарындағы қанында эритроциттер саны 6,07,0*1012 /л болады. Кейін 10-14 тәуліктерде бұл
көрсеткіш ересек адамдардағы эритроциттер
санына теңеседі. Ал 3-6 айлық
нәрестеде эритроциттердің саны азаяды,
бұл физиологиялық анемия болып саналады. Ал
лейкоциттердің саны 10,-30,0*109 /л болса, ол
көрсеткіш екі аптадан кейін азаяды, 9,015,0*109/л. Жаңа туылған сәбиде нейтрофильдер
мен лимфоциттердің саны ересектердікіндей 4,59,0*109/л.Бұл әрі қарай лимфоциттердің саны өсіп,
ал нейтрофильдер саны азаяды. Туылғаннан кейін
төртінші тәулікте лимфоциттердің саны
теңеседі. Мұны лейкоциттердің бірінші
физиологиялық қиылысуы дейді. Баланың 1-2
жасында лимфоциттері 65%, ал нейтрофильдері
25%, 4-жастағы балада қайтадан лимфоциттер
азайып, ал нейтрофильдер көбейіп, ересектермен
теңеледі, мұны екінші физиологиялық қиылыу
кезеңі дейміз.

16.

Потологиялық өзгерістер

17.

Қан қысымының өзгеруі
Адам қартайған сайын артерия қантамырлары
қабырғаларының серпінділігі төмендеп, қатайып,
тығыздалып, қуысы тарылады. Мүшелерге қан аз келеді,
артерия қантамырларында қан қысымы жоғарылайды. Қан
қысымының көтерілуі бүйрек ауруына, жүйке жүйесінің
күйзелісіне, дененің аз қозғалуына байланысты. Қан
қысымы қатты көтерілсе, қантамырлардың жарылуы
мүмкін. Миға қан қүйылу өте қауіпті. Себебі ми жасушалары
зақымданып, бұлшықеттер жансызданады. Қол-аяқ
әлсізденіп сал болады. Бұл кезде артерия
қантамырларындағы қан қысымы сынап бағанасымен 200
мм-ден асады. Егер қан қысымы төмендесе, сынап
бағанасының көрсеткіші 70-80 мм төмен болады. Мұндай
аурулардың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды,
құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды,
жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсендейді.
Адамда қан қысымы көтерілсе не төмендесе, нәруызы бар
тағамды аз пайдалану керек. Күніне 8-9 сағат ұйықтау,
ашуланбау, таза ауада көбірек жүру жүрек-қантамырлар
жүйесіне өте қолайлы.

18.

Вена қантамырларының кеңеюі
Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істеген адамдарда вена қантамырлары
кеңейеді. Кеңейген жерлерінде қанқатпа пайда болады. Сыртынан түйін-түйін
болып көзге айқын білінеді. Вена қантамырларында қан қысымын жоғарылатады.
Аяқ көп қимылдамаған соң оның бұлшықеттері де жиырыла алмайды. Қанқатпа
ауруы асқынбау үшін көбірек қозғалу керек.

19.

Қаназдық (анемия) – қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын ауру. Қаназдықтың болу
себептері: денеден көп қан кету; химиялық заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен эритроциттердің тіршілігін
жоюы; кемік майы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы; эритроциттердің түзілуіне қатысатын заттардың (темір, В12
витамині) жетіспеуі және т. б. Қан оттегіне қанықпағандықтан, мүшелер мен ұлпаларға оттек жетіспейді. Зат алмасу
бұзылады. Эритроциттердің мөлшері азайғанда қанның тұтқырлығы төмендеп, жүрек соғуы жиілейді. Қаназдықтан
жүрекке көп күш түседі. Оны қан құю арқылы емдейді.

Читайте также:  Как правильно очистить лимфу

20.

Ақ қандылық (лейкемия) лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып
жіберуден пайда болады (гр. leukas – ақ, гр. haima – қан). Лейкоциттер кеміктегі
жілік майын ығыстырып, эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды. Бұл
ауруды рентген сәулесі, радиоактивті элементтермен емдейді.

21. Пайдаланылған әдебиеттер

П АЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
• Ю.И.Афанасьев, Н.А. Юрина “Гистология,цитология және
эмбриология”1998.
• Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. — Алматы: Қазақ
университеті, 2009. – 128 бет.
• Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «СөздікСловарь», 2009 жыл.
• Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысшақазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. Әлімқұлова Р.,
Сәтімбеков Р. Ә 55

Источник

1. Лимфа жане лимфа айналымы

Орындаған:Тураханов Бағлан,
Бұхарбай Құрбанбай,Отан Әділхан
Егамкулов Нұрсейіт,Баймен Айдын

2.

Лимфа – лимфа тамырлары мен
лимфа түйіндеріндегі сұйық
зат. Ол ұлпалық сұйықтың лимфа
капиллярларына өтуінің
нəтижесінде пайда болады. Лимфа
организмнің ішкі ортасын
қанмен байланыстырады. Оның
негізгі қызметі – белоктарды
ұлпа аралық қуыстан қанға қайтару.
Ол организмде суды таратуда, сүт түзуде, ас қорыту, зат алмасу
процестерінде маңызды рөл
атқарады.

3.

Құрамы жағынан лимфа белоктары плазма белогына ұқсас,
бірақ олардың мөлшері өте аз. Белоктардың ең аз
концентрациясы (1-2 пайыз) аяқтардан, теріден, еттен шығатын
лимфада кездеседі, себебі бұл органдар капиллярларының
өтімділік
қасиеті өте төмен.
Белоктар мөлшерінің аз болуына байланысты лимфаның
тұтқырлығы мен тығыздығы плазмамен салыстырғанда
төменірек. Лимфа құрамында хлоридтер мен бикарбонаттар
концентрациясы көбірек. Оның əрекетшіл ортасы сілтілік,
сутектік
көрсеткіші қан плазмасынан жоғары. Лимфада
эритроциттер
болмайды, аз мөлшерде лимфоциттер, моноциттер жəне
гранулоциттер кездеседі

4. Лимфаның түзілуі

Құрамы жағынан лимфа қанның ультрафильтраты. Л. Людвиг пен X. Г. Старлинг теорияларына сəйкес лимфа майда артериялар жəне оларға жалғас жатқан капиллярлар мен ұлпа аралық
сұйықтың гидростатикалық жəне онкостық қысымдарының
айырмасына байланысты түзіледі. Тамырда гидростатикалық
қысымның өсуі лимфаның түзілуін күшейтеді, ал онкостық
қысымның жоғарылауы əлсіретеді. Капиллярлардың артериялық
ұшында гидростатикалық қысым жоғарырақ (с.б. 25-30 мм), ал
веналық ұшында төменірек (с.б. 15 мм) болады.

5. Лимфа жүйесі

Лимфа жүйесі жайлы алғашқы мағлұматтар тек XVІ ғасырда
пайда болды. Жылқының вена тамырларын зерттеу үстінде
Италия ғалымы Евстафий кездейсоқ жағдайда лимфа жүйесінің
көкірек өзегін ашты. Осы елдің басқа зерттеушісі –Азелий
шажырқайдағы ақ тамырларды зерттеді. Ал лимфа жүйесін
терең зерттеулерді Италия студенті Пике атқарды.
Лимфа жүйесі лимфа тамырларынан, лимфа түйіндерінен,
көкірек жəне мойын өзектерінен тұрады. Лимфа капиллярлары
құрылысы жағынан қан капиллярларына ұқсас. Олардың эндотелий табақшаларынан түзілген жұқа қабырғалары ұлпа аралық
қуыстарды астарлай орналасады.

6.

7.

Лимфа жүйесінің тамырлары
веналармен қатарласа орналасып, бүкіл денеде
тармақталып жатады да,
ұлпалардан қанға судың, онда еріген
кристаллоидтардың,
коллоидты ерітінділердің
оралуын қамтамасыз етеді.
Бұл жүйе лимфа капиллярлары
торынан басталып, ағзалық майда
тамырлар шумағын, арнаулы
қақпақшалармен жабдықталған
ұсақ жəне ірі лимфа
тамырларын,
негізгі лимфа бағандарын,
лимфа түйіндері мен дененің
басты
лимфа өзектерін қамтиды.

8.

Сүт қоректі жануарларда лимфа ұлпа аралық кеңістіктегі қысым айырмасы мен еттердің жиырылуының əсерінен жылжиды.
Майда лимфа тамырларында қысым су бағанасымен 8-10 мм
деңгейінде болады. Көкірек өзегінің венамен қосылған жеріндегі
қысым сынап бағанасымен 4-0 мм шамасында, басқаша айтқанда,
ірі веналардағы қысыммен бірдей. Тыныштық жағдайында тек ас
қорыту ағзаларының тамырларында ғана лимфа тоқтаусыз ағады.
Басқа органдардан тыныштық кезінде лимфа ақпайды. Лимфа тамырлармен тек бір ғана бағытта жылжиды, оған веналардағыдай
қақпақшалардың болуы ықпал етеді. Лимфа ағысын бұлшық
еттің жүмысы жылдамдатады. Тыныс алу қозғалыстары да лимфа
ағысына ықпал жасайды, оның көкірек қуысына қарай жылжып
ағуын қамтамасыз етеді.

9.

Лимфа өте баяу жылжиды.
Мысалы, жылқының мойнындағы
лимфа тамырларында ол
минутына 260-300 мм
жылдамдықпен
ағады. Вена тамырларында бұл
қашықтықты қан бір секунд
ішінде өтеді. Лимфа ағысының
баяулығына қарамай лимфа тамырлары арқылы тəулігіне өте
көп мөлшерде ұлпалық сұйық
өтеді.

10. Назар аударғандарыңызға РАХМЕТ!!!

Источник